Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Олимпиадада топ жарған филиппиндік спортшы өмір бойы тегін кеспе жейді

05.08.2024, 17:30

Карлос Юлоға зәулім үй мен қаржылай сыйақы да қарастырылған

Олимпиадада топ жарған филиппиндік спортшы өмір бойы тегін кеспе жейді
Europa Press Sports

Еркін жаттығуда Париж олимпиадасында топ жарған филиппиндік гимнаст Карлос Юло осы жеңісінен соң қандай сыйақы алатыны белгілі болды.

Отандасымыз Милад Каримидің қарсыласы болған филиппиндік енді өмір бойы тегін кеспемен, қуырылған тауықпен және печеньемен қамтылады. Бұдан бөлек ол 45 жасынан бастап қалаған уақытта колоноскопиядан тегін өте алады. Қазір оның жасы 24-те.

NBC Olympics мәліметінше, Карлос Юлоға зәулім үй мен қаржылай сыйақы да қарастырылған. Спортшы сонымен қатар жиһазбен толық жабдықталған құны 24 миллион филиппин песосына тең (415 000 АҚШ доллары) екі бөлмелі пәтер иесі атанды.

Филиппин спорт комиссиясы оған 10 миллион песо (173 000 АҚШ доллары), ал елдің Өкілдер палатасы 3 миллион (~52 000 доллар) тағайындап отыр.

Сондай-ақ Юлоға 100 000 филиппин песосы болатындай (~1730 доллар) жиһаз беріледі. Көптеген мейрамхана атлетті тегін тамақтандыратынын алға тартқан.

Карлос Юло – Филиппинде ерлер арасында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы. 2021 жылғы Токиода өткен аламанда әйелдер арасында ауыр атлет Хидилин Диас топ жарып, ел тарихындағы алғашқы алтынды иеленген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам