“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Елдос Сметов пен бас бапкері тойға барып, бидің түбін түсірді (ВИДЕО)

06.08.2024, 02:03

Даңқты спортшы мен оның жаттықтырушысына Жамбыл облысының әкімі үй мен көлік сыйлаған

Елдос Сметов пен бас бапкері тойға барып, бидің түбін түсірді (ВИДЕО)
instagram.com/yeldos60kg/

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке көрсетіліп жатқан қошемет жалғасуда. Бүгін туған жеріне оралған спортшы сый-сыяпатқа кенелді. Кешкілік той мейрамханада жалғасты.

Олимиада чемпионы мен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев бидің де түбін түсірді. Аталған сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Парижден Алматыға ұшып келген спортшының әзірге ұйықтайтын да уақыты жоқ. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Елдосқа Тараздан бес бөлмелі пәтер мен Lexus LX600 көлігін табыстады. Ал оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке Hyundai Santa Fe көлігі мен екі бөлмелі пәтер сыйға тартты.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алтын медаль салған әзірге жалғыз спортшы болып отыр. Одан бөлек, біздің ұлттық команда еншісінде бір күміс пен екі қола медаль бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам