Ол дәл осы қызметтен биыл ақпан айында кеткен болатын
Туризм және спорт министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды. Аталған лауазымға Үкімет қаулысымен Серік Жарасбаев кірісті. Шенеунік бұған дейін министрлікте жауапты қызметтерді атқарған болатын.
Еңбек жолы спорт саласына тікелей байланысты ол әр жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, комитет төрағасының орынбасары, Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымдарын атқарды.
Биыл ақпан айында қызметінен босатылған С.Жарасбаев наурызда «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығының директоры қызметіне бекітілген болатын. Араға 8 ай уақыт салып ол бұрынғы қызметіне қайта оралып отыр.