“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Парижде рекорд орнатты

06.08.2024, 16:30

Әмір Маймұратов Париж олимпиадасы басталмай жатып өзін чемпион деп жариялаған еді

Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Парижде рекорд орнатты
Сали Сабиров

Бүгін, 6 тамыз күні, Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеу бәсекесі басталды. 

Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Әмір Маймұратов қорғауда. Атлеттер «жылдамдық» дисциплинасы бойынша бақ сынауда.  Олимпиада ойындары аясында іріктеу айналымы өтуде. Осыдан соң, әрі қарайғы турнир кестесі құрылады. 

Маймұратов  бірінші мүмкіндігінде олимпиада рекордын орнатты. Оның уақыт көрсеткіші – 4.89. 

Айта кетелік, оған дейін де екі атлет Олимпиада ойындарының рекордын  орнатқан болатын. Қазіргі таңда алғашқы айналым жалғасуда. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам