Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

16 жыл күткен жеңіс. Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты

06.08.2024, 21:38

Соңғы рет Қазақстан балуандары 2008 жылы финалда күрескен

16 жыл күткен жеңіс. Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалына шықты
ҰОК

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен бүгін жарыс жолына шыққан Демеу Жадыраев финалға шықты.

77 келіде белдескен отандасымыз әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, әзірбайжандық Санан Сүлеймановты 6:1 есебімен ұтты. Алғашқы айналымда төрттағандағы мүмкіндігін оңтайлы пайдаланған отандасымыз қарсыласын 4 ұпайлық әдіспен лақтырды. Сонымен бірге ол қарсыласына шабуылдауға белдесу бойы еш мүмкіндік бермеді.

Ал екінші айналымда Әзірбайжан балуанына төрттағанда мүмкіндік берілгенмен Демеу Жадыраев сәтті қорғана білді. Осылайша белдесу соңына дейін есеп өзгерген жоқ.

Финалға шыққан ол енді жапониялық Нао Кусакамен өзара мықтыны анықтайды.

Бүгін іріктеу кезеңінде Демеу Жадыраев Колумбия балуанын 9:0 есебімен ұтса, екінші айналымда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты ұтты.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам