“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиадада алғашқы қарсыласын уақытынан бұрын ұтты

07.08.2024, 15:06

Ол қарсыласын 10:1 есебімен ұтты

Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиадада алғашқы қарсыласын уақытынан бұрын ұтты
ҰОК

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіде жарыс жолына шыққан Нұрсұлтан Тұрсынов белдесуді жеңіспен бастады.

Алғашқы кездесуде Мысыр балуанымен шеберлік байқасқан отандасымыз уақытынан бұрын жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ол қарсыласын белдесудің екінші кезеңінде 10:1 есебімен ұтты. Енді ол екінші айналымда Қытай-Украина балуандары жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Бұл салмақтағы Украина балуанының Токио Олимпиадасында чемпион атанған.

Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасында белдесіп жатқан классикалық күрес бойынша ұлттық құраманың соңғы балуаны. Бұған дейін белдескен Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов жүлдесіз қалса, 77 келіде Демеу Жадыраев финалға шықты. Ол бүгін кешке Жапония балуанымен чемпиондық атақты сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам