Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Жауабын министрліктен сұраңыз». Демеу Жадыраевтың бапкері Парижге бара алмауының себебін айтты

07.08.2024, 17:37

Қоңыратовтың өзі Демеудің алтын алатынына сенімді

«Жауабын министрліктен сұраңыз». Демеу Жадыраевтың бапкері Парижге бара алмауының себебін айтты
әлеуметтік желі

Бүгін грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев финалда күреседі. Демеудің тарих жаңартуын көк экранның бер жағында бүкіл ел болып тілеп отырмыз. Сол көгілдір экранға телміргендер қатарында Жадыраевтың жеке бапкері Боранбек Қоңыратов та бар. Спортшы үшін жеке бапкерінің жанында жүруі қаншалықты маңызды екеніне дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің «екінші әкесі» Ғалымжан Жылгелдиевтің үнемі қасында жүруі дәлел болса керек.

Жадыраев та алтынға таласады, бірақ бапкерінің нұсқаулығын тек телефон арқылы алып отыр. Неге бұлай болды дегенге келсек, Боранбек Қоңыратов ZTB NEWS-ке берген сұхбатында бұл сұрақтың жауабын тек Туризм және спорт министрлігі білетіндігін айтыпты.

Бапкердің ұлы Темірғали Еркін ұстаз бен шәкірт видеобайланыс арқылы тілдесіп отырғанын айтты.

«Әкем психологиялық тұрғыда дайындап жатыр. Бір-бірінен жырақта жүрсе де жаттығуды тоқтатқан емес. Қазір екеуі де ешкіммен сөйлеспеуге тырысуда», - дейді Темірғали.

Қоңыратовтың өзі Демеудің алтын алатынына сенімді.  Бұған дейін Боранбек Қоңыратовтың жарыстардан шеттетілгені туралы жазғанбыз. Себебі ол биыл Алматы облысында жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында тәртіп бұзғаны үшін жазаға тартылған. Сол үшін жыл соңына дейін бапкерліктен шеттетіліп, Парижге де бара алмаған. 

«Спортта жүргеніме қанша жыл болды. Мұндай жағдайларға үйреніп қалғанмын. Аяқтан шалу деген біз үшін үйреншікті жайт. Сол күнгі жағдайға оралар болсам, мен кілемге жүгіріп шығып, төрешіні ұрғаным жоқ. Бірақ төреші шешіміне риза еместігімді айтып, қастарына барғаным рас. Даусым қатты шығып, дөрекі сөйлегенімді де жасырмаймын. Өйткені спорт – үлкен эмоция. Қаның қызып тұрғанда неше түрлі нәрсе айтуың да мүмкін. Оның үстіне, сенің шәкіртіңе қатысты әділетсіздік көрсетіп жатса, тіпті, ашуланасың.Менің балуаным күресіп жатқанда, қарсылас тарап челлендж сұрады. Сол кезде Игорь Лигай бастаған төрешілер қарсылас жақ сұраған сол сәттегі эпизодты қарамай, бір минут бұрын болған күресті көрсете бастады. Осы кезде мен мұның дұрыс еместігін айттым, қастарына бардым, эмоциямды жасыра алмадым. Содан соң, осындай шешім шықты», - дейді Боранбек Қоңыратов  Sportbugin.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Олимпиадаға арналған PARIS промокоды бойынша 20 000 ₸ бонус алыңыз!

Париждегі Ойындардың ашылуына орай, FONBET жаңа клиенттерге арнайы Олимпиадалық бонус 20 000 ₸ ұсынады!

Қалай алуға болатынын жоғарыдағы суреттен оқыңыз және PARIS промокодымен мына сілтеме арқылы тіркеліңіз: http://www.fonbet.kz/s/Rb4Irh 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам