Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Еркін күрес балуандарының Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды

07.08.2024, 19:20

Балуандар 8 тамыз күні сағат 15:00-де жарысты бастайды

Еркін күрес балуандарының Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды
ҰОК

Париж Олимпиадасында еркін күрестен ертең жарысқа шығатын Қазақстан балуандарының қарсыластары анықталды.

57 келіде ұлттық құраманың балуаны Мейрамбек Қартбай 1/8 финалда қырғыз спортшысымен күш сынасады. Егер ширек финалға өтсе, Қытай-АҚШ балуандары жұбының жеңімпазымен кездеседі.

86 келіде әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбеков бірінші айналымда АҚШ балуаны Араон Брукспен күреседі. Америкалық балуан есімі белгісіз болғанымен, АҚШ-тың ішкі іріктеуінде осы салмақтың әлем бойынша үздігі Дэвид Тейлорды ұтқан.

Балуандар 8 тамыз күні сағат 15:00-де жарысты бастайды. Бүгін грек-рим күресінен сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов екінші айналымда Олимпиада чемпионы Жан Беленюкке есе жіберді.

Сондай-ақ, кешкі 21:00-де классикалық күрестен 77 келіде Демеу Жадыраев финалда белдеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам