Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Атақты футболшы Томас Мюллердің жылқысы Олимпиадада топ жарды

07.08.2024, 16:48

Қазіргі уақытта футболшының бірнеше тұлпары Олимпиада ойындарына қатысып жатыр

Атақты футболшы Томас Мюллердің жылқысы Олимпиадада топ жарды
sports.ru

Германия құрамасы мен Мюнхеннің «Бавария» клубының жұлдызды шабуылшысы Томас Мюллердің жылқысы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында топ жарды. 

34 жастағы футболшының жылқыларға қызығушылығы артқанына біраз болды, ал 2021 жылдан бастап бұл хобби оның кәсібіне айналды. Мюллер әйелімен бірге Gut Wettlkam деп аталатын жылқы фермасын ашты. Мюллердің жұбайы Лизаның өзі кәсіби түрде ат спортымен айналысады.

Қазіргі уақытта футболшының бірнеше тұлпары Олимпиада ойындарына қатысып жатыр. Соның ішінде Кристиан Кукук мінген Чекер есімді жылқы жекелей сында Германияға алтын медаль сыйлады. 

«Осы жылқымен жарысқа қатысуға мүмкіндік берілді. Бұл керемет сәт болды. Чекерді мақтан тұтамын», - деді шабандоз Кристиан Кукук. 

Екінші орын Швейцарияның спортшысы Стив Гердаға бұйырса, үшінші орынды Нидерланд өкілі Майкел ван дер Флютен иеленді. 

Айта кетейік, Томас Мюллер Германия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеген еді. Ол ұлттық құрамадағы соңғы матчын Еуропа чемпионатының ширек финалында өткізді. Бұл ойында Германия Испаниядан 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам