Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Назым Қызайбайдың ауласында бордюрлер ауыстырыла бастады

07.08.2024, 21:30

Қазақстанда асфальт салу тақырыбы Елдос Сметовтен басталды

Назым Қызайбайдың ауласында бордюрлер ауыстырыла бастады
ҰОК

Әлеуметтік желіде жаңа видео пайда болды. Кадр сыртындағы дауыста Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайды күтіп алуға дайындалып жатқаны баяндалған.

«Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбайдың күтіп алуға дайындалып жатырмыз. Соның есік алдына асфальт салуды бастап кеттік. Бордюрлерін ауыстырып, Назым келгенше жаңалап қоямыз»,- делінген кадр сыртындағы дауыста.

Қазақстанда асфальт салу тақырыбы Елдос Сметовтен басталды. Әлеуметтік желіде журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Назым Қызайбайдың ауласына да салайық деген еді.
 

«Өте қуанар едім. Мен жақта асфальт былай тұрсын, бір қырып түзулеп өтсе ғой», – деп жауап жазған еді боксшы қыз.

Айта кетейік, Назым Қызайбай әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Жартылай финалда қытайлық боксшыға есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам