Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Жігіттердің ешқайсысы шаршаған жоқ». Мырзағали Айтжанов көзіне жас алды

08.08.2024, 10:43

Бас бапкер жанкүйерлерден кешірім сұрады

«Жігіттердің ешқайсысы шаршаған жоқ». Мырзағали Айтжанов көзіне жас алды
ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Олимпиада ойындарын қорытындылады.

Бас бапкер жанкүйерлерден кешірім сұрап, мұндай сәтте боксшыларға қара жақпай, қайта қолдауға шақырды.

«Бірінші кезекте, бәріне рахмет айтамын. Жанкүйерлеріміздің біздің жекпе-жектерге көңілі толмағанын білеміз, ренішін түсінеміз. Сол үшін кешірім сұраймыз. Бірақ бұл жаққа ешкім ұтыламын деп келген жоқ. Жақсы дайындықпен келді, сәттілік жетіспеді. Ешкімді айыптай алмаймын, «қорғамады, жақтады» деп айтпаймын»,- дейді бас бапкер.

Ол жауапкершілікті өзіміз аламыз деп отыр.

«Жігіттердің ешқайсысы шаршаған жоқ. Неше түрлі сөзді естіп жатырмыз. Өзге елдердің өкілдері келіп: «Жеңістеріңді алып қойды деп жатқанда, біздікілердің даттаған сөзін естіп, қалай ел боламыз деген ой келеді. Бірақ жанкүйерлерге алғыс айтамын. Бәлкім намыстанғандықтан да солай айтып жатқан шығар. Қолдағаны да, қолдамағаны да, даттағаны да, бәрі аман болсын! Қазақпыз, осындайда қолдамағанда, қашан қолдаймыз?! Әлемнің бірнеше дүркін, Олимпиада чемпиондары ұтылып жатыр. Себебі бұл Олимпиада. Ұтылғанымыз өзімізге сабақ болды. Желеу іздемей, кінә өзімізден екенін мойындаймыз», - деді Мырзағали Айтжанов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам