“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Назым Қызайбайдың көшесі жөнделді». Әкімдік жауап берді

08.08.2024, 10:00

Билік өкілдері тек ресми дереккөздерге иек артуға шақырды.

«Назым Қызайбайдың көшесі жөнделді». Әкімдік жауап берді
ҰОК

Алматы облысының Қарасай аудандық әкімдігі Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тұратын көшеде жөндеу жұмыстары басталғаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Билік өкілдері әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге иек артуға шақырды. 

«Әлеуметтік желілерде бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданының Іргелі ауылының көшелері жаңартылды деген бейнероликтердің таралуына байланысты ақпарат жалған және шындыққа жанаспайтынын еске саламыз.

Біз жұртшылықты әлеуметтік желілерде таралатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, - делінген әкімдік мәліметінде.

Сонымен қатар, дәлел ретінде ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, тіпті асфальт та ешқашан болмаған көшенің суретін жариялаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам