ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының бірінші белдесуінде жеңіліп қалды

08.08.2024, 14:49

Енді қарсыласы финалға шыққан жағдайда ғана Азамат үшінші орын үшін күреседі

Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының бірінші белдесуінде жеңіліп қалды
olympic.kz

Париж Олимпиадасында еркін күрестен 86 келіде жарысқа шыққан Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда ұтылды.

Ол АҚШ өкілі Аарон Брукспен белдесіп, 4:3 есебімен жол берді. Белдесудің бастапқы кезеңінде отандасымыз 1 ұпай иеленгенмен, кездесудің соңына дейін әдіс жасай алмады. Есесіне қарсыласы екі рет 2 ұпайдан еншілеп, соңғы сәтке дейін басымдықты берген жоқ. Ал белсенді болмағаны үшін соңғы секундта төреші АҚШ балуанына ескерту жасап, отандасымызға 2 ұпай берді. Бірақ ол Азаматқа жеңіске жетуге көмектескен жоқ.

Енді Брукс финалға шықса ғана Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге белдесуге мүмкіндік алады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам