Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Көркем гимнастикадан Елжана Таниева финалға өте алмады

08.08.2024, 23:46

Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13-орын иеленді

Көркем гимнастикадан Елжана Таниева финалға өте алмады
Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды.

Аталған спорт түрінен Қазақстан намысын Елжана Таниева қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13- орын иеленіп, финалдан сырт қалды. 

Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.

Айта кетелік, Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан тек көпсайыс нәтижесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталады. 

Іріктеуге қатысқан 24 гимнастың ішінен тек 10 спортшы ғана ақтық сынға жолдама алады. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам