Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Париж-2024: балуандар Мейрамбек Қартбай мен Азамат Дәулетбеков жүлдеден тыс қалды

08.08.2024, 22:06

Азамат Дәулетбеков әлемдік рейтингте бірінші орындға тұрған еді

Париж-2024: балуандар Мейрамбек Қартбай мен Азамат Дәулетбеков жүлдеден тыс қалды
olympic.kz

Париж Олимпиадасында еркін күрестен бүгін жарыс жолына шыққан қазақстандық қос балуан да жүлдеден біржола үмітін үзді. 

57 келіде белдескен Мейрамбек Қартбай алғашқы айналымда қырғыз балуанына есе жіберген еді. Алайда, көрші ел спортшысы ширек финалда АҚШ балуаны Ли Спенсерден ойсырай ұтылды. Осылайша Мейрамбек жүлдеден құр қалды.

Ал, 86 келіде Азамат Дәулетбеков бірінші айналымда АҚШ балуаны Аарон Брукстан 4:3 есебін ұтылған еді. Бірақ Брукс жартылай финалда Болгария балуанынан айласын асыра алмай, қола жүлде үшін күресетін болды. Бұл ретте Азамат енді жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айрылды. Әлемдік рейтингте 86 келіде 1-ші орында тұрған отандасымыз осылайша үйге құр қайтуға тура келіп отыр.

Енді еркін күрестен 97 келіде Әлішер Ерғали мен 125 келіде Юсуп Батырмырзаев бозкілемге шығады. Юсуп 9 тамызда бірінші айналымда польшалық Роберт Баранмен күш сынаспақ. Одан өтсе ширек финалда Украина-Грузия балуандары жұбының жеңімпазымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам