Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Өзбекстандық 22 жастағы таэквондошы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды

09.08.2024, 00:55

Ол 2021 жылы Токиода да топ жарған болатын

Өзбекстандық 22 жастағы таэквондошы Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды
AP

Париж Олимпиадасында Өзбекстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Бұл жолы 22 жастағы таэквондошы Улугбек Рашидов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанып отыр.

Айта кетейік, өзбек спортшысы 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол финалда иорданиялық Заид Кареммен кездесіп, оны қиындықсыз жеңді.

Осылайша Улугбек Рашидов Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанып отыр. 2021 жылы болған Токио Олимпиадасында да өзбек таэквондошысы топ жарып, небәрі 19 жасында жеңімпаз атанған болатын.

Өзбекстан тарихында бұрын-соңды Олимпиаданы екі рет жеңген спортшы болмаған.

Рашидовтың жүлдесі – Өзбекстанның Париж олимпиадасындағы екінші алтыны. Осыған дейін дзюдодан Диера Келдиерова чемпион атанған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам