“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Олимпиада алдында Ақтөбе әкімдігінен пәтер алған легионер балуан Парижде оңбай ұтылды

09.08.2024, 15:40

Жергілікті кәсіпкерлер оған автокөлік пен ақшалай сыйлық берген еді

Олимпиада алдында Ақтөбе әкімдігінен пәтер алған легионер балуан Парижде оңбай ұтылды
olympic.kz

Париж Олимпадасында еркін күрестен аса ауыр салмақта белдескен Юсуп Батырмырзаев алғашқы айланымда оңбай ұтылып қалды.

Польша өкілі Робер Баранмен белдескен легионер балуан өз мүмкідігін пайдалана алмады. Ол бірінші кездесудің бірінші кезеңінде 1:0 есебімен қарсыласын алға шығарса, екінші бөлігінде тағы үш ұпай беріп қойды.

Осылайша сенім артқан балуан жарыстың алғашқы айналымынан аса алмай отыр. Енді Польша балуаны финалға шықса ғана Батырмырзаевқа жұбаныш белдесуіне мүмкіндік тумақ.

Ақтөбе облысының атынан күресетін легионер биыл сәуір айында Бішкек қаласында Олимпиада жолдамасына ие болған еді. Елге оралғаннан кейін оған Ақтөбе облысының әкімдігі екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. Сондай-ақ, оған жергілікті жанкүйерлер көлік мінгізіп, 5 000 АҚШ долларын сыйға тартты.

Батырмырзаев 2021 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, іріктеу кезеңдерінде есе жіберді. Биыл ақпан айында Астанада өткен ел чемпионатында еркін күрестен 125 келіде ел чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам