“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Демеу Жадыраев Жақсылық Үшкемпіровтің зиратына барып тағзым жасады (ВИДЕО)

11.08.2024, 12:59

Ол алғашқы Олимпиада чемпионынан көзі тірісінде батасын алған

Демеу Жадыраев Жақсылық Үшкемпіровтің зиратына барып тағзым жасады (ВИДЕО)
olympic.kz

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанған Демеу Жадыраев елге оралған соң Жақсылық Үшкемпіровтің зиратына барып тағзым етті.

Күрес түрлерінен қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионының көзі тірісінде батасын алған жерлесіміз құран оқытып, балуанның рухына дұға бағыштады. Бұл сәт түсірілген видеороликтер әлеуметтік желіде кең таралуда.

Бұған дейін берген сұхбатында Демеу Жақсылық Үшкемпіровтің «қазақтан Олимпиада чемпионы қашан шығады?» деген сұрағына ыңғайсызданатынын айтқан болатын.

Қазақстандық балуан Париж Олимпиадасында 77 келіде белдесіп, финалға дейін жетті. Ол шешуші белдесуде жапон балуанына 5:2 есебімен жол берді. Ал іріктеу кезеңдерінде Колумбия балуанын ұтса, ширек финалда қырғыз спортшысынан басым түсті. Жартылай финал Әзірбайжан спортшысы жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам