Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Өзбек боксшылары ауруханада жатқан бас бапкер Тулкин Киличевтің халін сұрап, мойнына медаль тақты (ВИДЕО)

12.08.2024, 15:22

Өзбек маманы шәкірттерінің жетістігіне қатты қуанып, ауруханадан бір-ақ шықты

Өзбек боксшылары ауруханада жатқан бас бапкер Тулкин Киличевтің халін сұрап, мойнына медаль тақты (ВИДЕО)
Olamsport

Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль иеленген Өзбекстан құрамасының боксшылары ауруханада жатқан бас бапкері Тулкин Киличевке арнайы барып, құрмет көрсетті.

Өзбек боксшылары ем алып жатқан бас бапкердің халін сұрап, өздері иеленген алтын медальдарын оның мойнына тақты. Ерекше шаттанған маман шәкірттеріне риза екенін айтып, қуанышын бөлісті.

26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан спортшылары 8 алтын медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 13-ші орынға тұрақтады. Оның ішінде 5 боксшы финалға дейін жетіп, барлығы да чемпион атанған.

Осынау қуанышты көтере алмаған бас бапкердің жүрегі аз уақытқа тоқтап қалып, ол ауруханадан бір-ақ шықты. Абырой болғанда, сол сәтте Киличевтің жанында дәрігерлер болған және олар алғашқы медициналқ көмекті дер кезінде көрсеткен.

Қазіргі таңда өзбек маманының жағдайы бірқалыпты, ол тағы біраз уақыт ауруханада ем қабылдайды.

Айта кететін жайт, Париждегі ойындарға ерлерден Қазақстан боксшылары толық құрамда барып тек бір жүлде ғана иеленді. 80 келіде сынға түскен әлем чемпионы Нұрбек Оралбай финалға дейін жетіп, шешуші сәтте Украина боксшысына есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам