Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бас бапкер Демеу Жадыраевқа карьерасын аяқтауға кеңес берді

12.08.2024, 16:12

Мельниченко Демеудің бапкер болғаны дүрыс дейді

Бас бапкер Демеу Жадыраевқа карьерасын аяқтауға кеңес берді
ҰОК

Демеу Жадыраевтың жеңісі өскелең ұрпаққа шабыт береді. Бұл туралы 1996 жылғы Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко айтты. Ол алдымен резевр жағына тоқталды.

«Ең алдымен статистикаға қарау керек. Бізде жастар арасында әлем чемпиондары, жүлдегерлері, Азия чемпиондары бар. Олар ұлттық құраманың резерві болады. Бұдан бөлек еш жерде топ жармаса да, еңбекқорлығының арқасында болашағы зор екенін аңғартатын спортшылар бар. Қазақстанда күреспен шұғылданатын балалар көп, енді сол саннан сапа жасау керек», - деді бапкер.

Мельниченко жаттығу процесіне қатысты да ойын айтты.

«Базалық дүниелер қалады, ал ереже үнемі өзгеріп отыратындықтан, жаттығуда да өзгерістер болатыны анық. Біліктілікті жетілдіріп отыру маңызды», - деді ол.

Бас бапкер Демеу Жадыраевтың болашағына қатысты да пікір білдіріп, оның бапкерлікке ауысқаны жөн деп отыр. 

«Демеу жас спортшы емес. Қазір оған карьерасын аяқтап, бапкерлік міндетке көшкені, спорттық ұйымдарда басшылық қызмет атқарғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі ол өте білімді және патриот жігіт», - деді Юрий Мельниченко.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам