“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Шымкентте жаңа стадионның құрылысы басталмай жатып тоқтатылды

13.08.2024, 12:03

Маусым соңында еліміздегі ең үлкен стадион Шымкентте салынатыны белгілі болған

Шымкентте жаңа стадионның құрылысы басталмай жатып тоқтатылды
Шымкент әкімдігі

Шымкентте 28 маусымда капсуласы салынған жаңа стадионның құрылыс тоқтаған. Бұл туралы Match.kz парақшасы хабарлады.

«Жаңа стадионның құрылысы заманауи, УЕФА талаптарына сай болуы үшін, арнайы акредитациясы бар лицензиялы техникалық қадағалау қызметін анықтауға конкурс жариялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, стадионның жобасы әзірленуде», - деп хабарлайды Шымкент қаласының құрылыс басқармасы.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент әкімдігі аумағы 21 гектар болатын стадион 2026 жылы салынып бітеді деп мәлім еткен. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес салынбақ.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам