Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Мас күйде шығып жеңді»: Ислам Байрамуков Азия ойындарындағы оқиғаны айтып берді

13.08.2024, 15:08

Ол табысты өнер көрсеткен көптеген спортшылар елеусіз қалғанын айтады

«Мас күйде шығып жеңді»: Ислам Байрамуков Азия ойындарындағы оқиғаны айтып берді
Видеодан кадр

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков «Садақ медиаға» берген сұхбатында Азия ойындарында өнер көрсеткен Қазақстан спортшылары туралы қызықты естеліктерімен бөлісті.

Еркін күрес шебері 1994 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында су добынан ұлттық құрама командасы қарсыластарын қалай ұтқаны туралы айтты.

«1994 жылы су добының отандық шеберлері қарсыластарын қалай ұтқанын білесіз бе? Олар мас күйінде шығып, қарсыластарынан басым түскен еді. Бір ғамаратта орналасқан едік қой. Күнде көреміз. Жарыста жүрген соң «мыналарың қалай?» деп сұраймын. Біздің спортшылар қытай, жапон қарсыласарын мас күйде жүріп ұтып алған болатын. Ойлаңызшы, Азия ойындарында мас күйінде шыққан Қазақстан құрамасының ойыншылары! Қазір солар қайда? Қазіргі ойыншылар суға батып кете ме деп қорқасың ғой. Бұны әзіл ретінде айтып отырмын. Бірақ сондай жетістіктер болған. Оны қолда ұстап тұра алмадық», - деді Ислам Байрамуков.

Сондай-ақ, сұхбат барысында ертеде табысты өнер көрсеткен көптеген спортшылар қазір елеусіз қалғанын айтады. Сонымен бірге, ол Олимпиадада 7-8 медаль алсақ соған тоқмейілсіп кететінімізді сын тезіне алды.

«АҚШ пен Қытайды қараңыз. Олимпиадада алтын үйіп алды. Оларда барлық технология дамып жатыр. Айналып келгенде бұның барлығы спортпен тікелей байланысты. Экономиканың жетістігі адамның ахуалына дейін әсер етеді», - деді спортшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам