Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды

13.08.2024, 17:20

Сәпиевке қатысты сот қаулы шығарды

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды
instagram.com/serik_sapiyev

Қазақстандық танымал боксшы Серік Сәпиев Спорт істері жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевтің ісі бойынша өткен қылмыстық процеске келмеген. Сот оны мәжбүрлі түрде жеткізуді тапсырды.

«Сәпиевке қатысты сот ҚР ҚІЖК-нің 157-бабына сәйкес оны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарады. Оған екі рет хабарланды, сондықтан ол сотқа келмеді деп қорытынды шығаруға толық негіз бар. Оның келмеу себептері, оның келмеуіне кедергі келтіретін мән-жайлар сотқа түсіндірілмеген. Сәпиевке қатысты оны мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарылсын», - деді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы.

Айта кетейік, Самат Ерғалиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 3-бөлігі бойынша қызмет бабын асыра пайдаланды, атап айтқанда, Әлішер Аймұхамбетовты жаттықтырушы қызметіне қабылдау кезінде заң бұзушылық жасады және Аймұхамбетовке 111 миллион теңгеден көп мөлшерде заңсыз пайда көруге ықпал етті деп айыпталуда.

Ал Ерғалиевтің адвокаты сотталушының Айтмұхамбетовті жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарын тексермегенін мойындап отырғанын алға тартты. Дегенмен төлемақыға еш әсер ете алмағанын, себебі ол аталмыш төлемдер жөніндегі құжаттарға қол қоймағанын және ондай өкілеттігі болмағанын қоса кетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам