Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Шавкат Мирзиеевтің кіші қызы спорт саласындағы лауазымды қызметке тағайындалды

15.08.2024, 01:34

Ол бұдан бөлек тағы бір лауазымды қызметті қатар атқаратын болады

Шавкат Мирзиеевтің кіші қызы спорт саласындағы лауазымды қызметке тағайындалды
Instagram / Shahnoza Mirziyoyeva

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің кіші қызы Шахноза Мирзиеева Ұлттық паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ақпаратты аталған комитеттің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Өзбекстан паралимпиада комитеті Атқарушы жиынының шешіміне сәйкес, Мизиеева Шахноза Шавкатовна Өзбекстан паралимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды», - деп жазылған аталған хабарламада.

Шахнозаның бұдан бөлек те негізгі қызметі бар. Ол – 2023 жылдан бері Өзбекстан президенті жанындағы Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі директорының бірінші орынбасары.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам