Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Парижде «жылап» танымал болған жапон дзюдошысының суреттері көшеге іліне бастады

15.08.2024, 11:45

Жапонияға оралған Ута Абэ таңғажайып көрініске куә болды

Парижде «жылап» танымал болған жапон дзюдошысының суреттері көшеге іліне бастады
facebook.com/UtaAbeOfficial

Париж Олимпиадасында дзюдодан Өзбекстан спортшысынан оңбай ұтылған жапониялық Ута Абэ еліне оралған соң тамаша көрініске куә болды.

Ол Олимпиадада 52 келіде белдесіп, 1/8 финалда өзбекстандық Диора Келдиоровадан кездесудің соңғы минутында ұтылған еді. Алайда сол сәтте эмоциясын жасыра алмай көз жасына ерік берген Утаның танымалдығы одан сайын арта түсті.

Аталған салмақта Олимпиада чемпионы атанған Өзбекстан спортшысының сенсациялық жеңісі Ута Абэнің жылағанынан кейін мүлде елеусіз қалды деуге болады. Әлем бойынша жапон балуанының жағдайына қатысты пікір білдіріп, татамиде жығылған бейжазбасын әлеуметтік желіде жариялағандардың саны бес миллионға жуықтаған.

Ал Жапонияға оралған Ута Абэ таңғажайып көрініске куә болды. Елдің бірнеше қаласында көпқабатты үйлердің қабырғасында, көшедегі баннерлерде оның белдесу сәтінде суреттері жаппай іліне бастаған.

Ута Абэ Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы. Ол бұған дейін дзюдо әлемінде танымал балуан болса, енді Париждегі жеңілісінен кейін әлем бойынша оны білетін адамдардың саны күрт артып отыр.

Ол Париж Олимпиадасында жекелей сын бойынша жүлдесіз қалғанымен, командалық сайыста күміс жүлдегер атанды. Жапония құрамасы финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Франция балуандарына 4:3 есебімен жол берді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам