Ресейлік Умар Кремлев енді Томас Бахтың орнына Олимпиада комитетін басқармақшы

Telegram WhatsApp

Томас Бахтың өкілеттігі 2025 жылы аяқталады

sport5.by
sport5.by

Халықаралық бокс федерациясының президенті (IBA) Умар Кремлев өзін Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы лауазымына үміткер ретінде ұсынуға қарсы емес.

Бұған дейін ұйымның қазіргі басшысы Томас Бах жаңа мерзімге сайлауға түспейтінін мәлімдеген. Ал оның өкілеттігі 2025 жылы аяқталады. Осыдан соң үміткерлер пайда бола бастады. Солардың ішінде ресейлік Кремлев те бар. 

«Бәрі жан-жақтан қосыла бастаған соң, Бах қорқып кетті. Оның кететініне құдайға шүкір дейміз. Қатерлі ісік кесіледі. Бұл барлық спортшының жеңісі. Біз бұл Олимпиада ойындарында спортшыларға деген сорақы қарым-қатынасты көрдік. Отбасы кету туралы кеңесті дұрыс беріпті. Ол өзі де олимпиадалық отбасыны басқара алмайтындықтан кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Алып кемені басқара алатын жас, мықты адам керек. 

Ол спортты лас саясатқа айналдырды. Спорт Бах пен оның командасының кейпіндегі қатерлі ісікті кесіп алып тастап жатыр деуге болады. Жаңа команда басқа бағытта жұмыс істейді деп ойлаймын. ХОК басшылығы ХОК мүшелерін емес, елдерді таңдауы керек. Себебі елдердің арқасында сол ХОК жұмыс істеп тұр. Оның ізін басуда ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын. Мен боксқа да әділетсіздік пен жемқорлықты жою үшін келдім. Халықаралық федерация кез келген елдің мәдениеті мен құндылығын бағалағанын қалаймын. 
Спорттық функционерлер – спортшыларға қызметкер көрсететін персонал. Біздің міндетіміз – оларға жағдай жасау. Олардың қолдарынан келмей жатқанын байқасам, араласуға тура келеді

деді Кремлев

Айта кетейік, қазіргі таңда ХОК басшылығы IBА-ға мүше елдердің боксшыларын Олимпиадаға қатыстырмау туралы бастама көтерген. Осыдан соң Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин Қазақстанның ІВА-дан шығуын қолдайтынын айтты.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 056 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 268 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 506 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 578 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 277 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 167 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 278 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 821 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›