Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Париж Паралимпиадасында 44 спортшы ел намысын қорғайды

19.08.2024, 14:57

Қазақстан спортшылары 33 лицензия жеңіп алды

Париж Паралимпиадасында 44 спортшы ел намысын қорғайды
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның пара спортшылары Паралимпиадаға сегізінші мәрте қатыспақ. 1996 жылдан бері отандастарымыз жазғы Паралимпиадада 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алған.

Қазақстан Париж Паралимпиадасына 33 лицензия жеңіп алды. Спорттың 9 түрінен (пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 44 спортшы бақ сынайды.

10 пара дзюдошы Паралимпиада жүлдесі үшін татамиге шығады.

Берік Ізмағанбетов (волейболды отырып ойнау) пен Севда Алиева (пара нысана көздеу) ту ұстап шығады.

Париждегі додаға бұған дейінгі Паралимпиада бәсекелерінің қос чемпионы мен екі жүлдегері қатысады.

Олар:  Зүлфия Ғабидуллина – Рио Паралимпиадасының чемпионы 

Давид Дегтярев – Токио Паралимпиадасының чемпионы

⁠Нұрдәулет Жұмағали – Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері

Раушан Қойшыбаева – Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері

Ең жас спортшы – Альфия Тілекқабыл (пара дзюдо, 18 жаста)

Ең егде спортшы – Зүлфия Ғабидуллина (пара жүзу, 59 жаста).

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте 75 елдің ішінде 6-орында тұр.

Қазақстан спортшылары биыл алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Еліміздің намысын бұл сында Әли Мақұлбеков қорғайды.

Ең тәжірибелі спортшы – Зүлфия Ғабидуллина. Биыл ол төртінші Паралимпиадасында бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам