Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Емделіп жатыр»: Ильин Өтешовті дәрігерге жетектеп апарды

21.08.2024, 11:32

Илья Ильин бұған дейінгі сұхбатында досы үшін уайымдайтынын жеткізген еді

«Емделіп жатыр»: Ильин Өтешовті дәрігерге жетектеп апарды
Видеодан кадр

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің командалық әріптесі, жақын досы Алмас Өтешовке көмектесіп жатқанын мәлімдеді. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады.

«Уәде еткенімдей, мен сіздерге Алмас туралы айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Ендеше, сауығып кететін осы қиын жолда оған күш-қуат тілейік», - деді Ильин.

Бұдан біраз уақыт бұрын Алмас Өтешов сұхбат беріп, Илья Ильин бастаған спортшылармен допингті қолданғандары туралы айтқан болатын. Спортшы өз мәлімдемесінде бұл мәселе ақшамен шешімін тапқанын, сол арқылы халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткенін ашық айтты. Кейін бұған қатысты Ильин де сұхбат беріп, Алмастың айтқандарына қатысты жауап берген болатын. Кейін ол өзінің досына көмектесетінін айтып, жанынан табылған. Айтуынша, Өтешов соңғы жылдары ішкілікке бой алдырған көрінеді.

Илья Ильин 2008 және 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған еді. Алайда 2016 жылы халықаралық допингке қарсы күрес агенттегіні оның сынамасынан тыйым салынған преперат белгілерін тапқанын атады. Осыдан кейін ХОК Ильинге және тағы да бірнеше қазақстандық ауыр атлеттің Олимпиада ойындарындағы нәтижесін жоққа шығарып, жүлделерін кері қайтарып алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам