“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Нұрбек Оралбайға жерлестері де көлік мінгізді

22.08.2024, 15:31

Былғары қолғап шеберін Жамбыл облысының әкімі қабылдады

Нұрбек Оралбайға жерлестері де көлік мінгізді
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай туған жерінде де елеусіз қалмады.

Былғары қолғап шеберін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қабылдап, жеңіл көліктің кілтін табыстады.

«Туған жеріміз Жамбыл облысына келдік. Ыстық ықыласпен күтіп алып, қолдап жатқандарыңызға рахмет. Үлкен белестер алда, мұнымен тоқтамаймыз. Келесі Олимпиада ойындарында Қазақ елін қуантамын деп ойлаймын», - дейді Нұрбек Оралбай. 

Бұған дейін Нұрбек пен оның оның жаттықтырушысына Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы сыйлық берді. Күміс жүлдегерге қымбат көлік кілті, жеке бапкері Асқар Еркебаевқа қаржылай сыйлық табысталған.

Бұдан бөлек қазақстандық блогер де боксшыға Zeekr көлігін сыйға тартқан еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам