“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Александр Усикті Зеленский арнайы марапаттады

22.08.2024, 22:56

Зеленский Украинаны әлемге танытуда орасан зор еңбек сіңірген тұлғаларға алғыс айтты

Александр Усикті Зеленский арнайы марапаттады
Видеодан кадр

Украинаның тәуелсіздік күні мерекесіне орай ел президенті Владимир Зеленский белгілі азаматтарды марапаттады. Олардың арасында кәсіпқой бокстан әлемнің абсолютті чемпионы Александр Усик те бар.

Президент резиденциясында Зеленский Украинаны әлемге танытуда орасан зор еңбек сіңірген тұлғаларға ерекше алғыс білдірген. Оның ішінде спорт саласының бірнеше өкілі бар. Усиктен өзге семсерлесуден Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Ольга Харланға да құрмет көрсетілді.

Айта кететін жайт, 2 жыл бұрын Владимир Зеленский Александр Усикке І дәрежелі "Ерлігі үшін" медалін табыстаған болатын.

Усик мамыр айында Сауд Арабиясында өткен жекпе-жекке Тайсон Фьюриді ұтқан еді. Қос боксшы арасындағы қарымта кездесу 21 желтоқсанда өтетіні белгілі болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам