Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Париж олимпиадасының чемпионы медалін сындырып алды

26.08.2024, 21:05

ХОК оған жаңасын жасатып беруге уәде етті

Париж олимпиадасының чемпионы медалін сындырып алды
John Todd/ISI/Getty Images

Парижде өткен Олимпиада ойындары аяқталғанына аз уақыт өтсе де, медаль сапасына қатысты айтылып жатқан сын көп. Бұл жолы чемпион атанған америкалық футболшы Линн Уильямс алтын медалін сындырып алғанын айтты.

Футболдан АҚШ құрамасының және «Готэм» клубының ойыншысы Линн Уильямс TikТok желісіндегі ресми парақшасында Олимпиадада жеңіп алған алтын медалін абайсызда сындырып алғанын мәлімдеді. 

Линн Уильямс достарымен бірге медальді мойнына іліп алып билеп жүргенде, ол жерге құлап, салдарынан лентамен жалғасып тұрған бөлігі сынған, одан қалды медаль майысып қалған. 

Уильямс бұл жайында Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) хабарлаған. ХОК жуық арада оған жүлдені ауыстырып береді екен. 

«Медаль сапасы жақсы болуы керек деп ойлаймын. Ол берік материалдан жасалуы керек еді», - деді Линн Уильямс. 

Бұған дейін Парижде үштікке енген боксшы Назым Қызайбай мен дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев та медаль сапасы туралы айтқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам