“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Лос-Анджелесте кездескенше»: Тоқаевтың қабылдауынан шыққан Сметов жоспарымен бөлісті

27.08.2024, 13:45

2028 жылы ол 36 жаста болады

«Лос-Анджелесте кездескенше»: Тоқаевтың қабылдауынан шыққан Сметов жоспарымен бөлісті
Ақорда

Президент қабылдауынан шыққан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бірден жанкүйерлеріне үндеу жолдап, алдағы уақытта не істейтіні туралы айтты.

Танылмал дзюдошы бүгін Париж Олимпиадасында жүлде алған отандық атлеттермен бірге Ақордада салтанатты шараға қатысқан еді. Осыдан кейін ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеме жасап, мақсатына қатысты пікір білдірді.

«Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Спорт жолы оңай емес. Бізге әрқашан қолдау білдіріп келген ең алдымен халқыма және Мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіремін. Жанымнан табылған отбасыма, жаттықтырушыма мың алғыс. Қазақ елі жасасын! Көк туымыз биікте желбіресін! Лос-Анджелесте кездескенше», - деп жазды Елдос Сметов.

Естеріңізге сала кетейік, Сметов осыдан тура бір ай бұрын Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 келіде чемпион атанған болатын. Ол төртжылдықтың басты ойындарында 5 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Осылайша Сметов өзі қатысқан үшінші Олимпиаданың жүлдесіне ие болған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам