Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Демеу Жадраев Ақордадағы салтанатты шарада Елдос Сметовке күрес әдісін жасамақ болды (ВИДЕО)

28.08.2024, 10:33

Балуандар Ақордада жүрсе де балуан болып қалады

Демеу Жадраев Ақордадағы салтанатты шарада Елдос Сметовке күрес әдісін жасамақ болды (ВИДЕО)
Ақорда

27 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасында жүлде алған спортшылар мен олардың бапкерлерін қабылдап, салтанатты шарада әрбірін құттықтады. Осы жиын басталар алдында Демеу Жадраев Елдос Сметовке күрес әдісін жасамақ болған. Аталған сәт түсірілген видео журналист Әділ Балтабаевтың телеграм-каналында жарияланды.

Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль иеленсе, Демеу Жадраев грек-рим күресінен Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Видеода екеуінің құшақтасып амандасқан сәті, артынша Демеудің күрес әдісін жасауға әрекеттенгені анық көрінген.

«Балуандар Ақордада жүрсе де балуан болып қалады. Елдос Сметов пен Демеу Жадраев президентпен кездесудің алдында», - деп жазды видео авторы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам