Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Токиодағы Гранд слэмге барған қазақстандық дзюдошылардың бәрі жеңіліп қалды

03.12.2023, 20:05

Елдос Сметов те жүлдеге ілінген жоқ

Токиодағы Гранд слэмге барған қазақстандық дзюдошылардың бәрі жеңіліп қалды
olympic.kz

2-3 желтоқсан күндері дзюдодан Токиода өткен Гранд слэм бәсекесінде күрескен қазақстандық спортшылардың ешбірі жүлде ала алмады. Ерлер және әйелдер құрамасынан аталған сынға 20 спортшы қатысқан болатын.

Жапониядағы жылдың соңғы маңызды жарысында Қазақстан құрамасынан 60 келіде Елдос Сметов пен +100 келіде Ерасыл Қажыбаев қана үшінші айналымға дейін барды. Елдос Сметов алғашқы кездесуде Бразилия, одан кейін Түркіменстан балуанын айқын ұтты. Алайда 1/8 финалда Италия өкілі Андреа Карлинадан өте алмады. Ал аса ауыр салмақта күрескен Ерасыл Қажыбаев АҚШ және Үндістан спортшыларын ұтты. Алайда 1/8 финалда әлем чемпионы Инал Тасоевтан ұтылып қалды.

Қалған спортшылардың барлығы бірінші және екінші кезеңнен аса алмады. Әлем чемпионатының жүлдегерлері Ғұсман Қырғызбаев пен Абиба Әбужақынова бірінші белдесуінде есе жіберді. 

Жапониядағы сында жергілікті спортшылар 7 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте көш бастады. Ал екінші орынға Оңтүстік Корея дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен тұрақтады. Үштікті Бразилия (1 алтын, 1 күміс) құрамасы түйіндеді. Сондай-ақ, аталған сында Нидерланд, Әзірбайжан, Канада құрамалары 1 алтын медальдан иеленді. Қазақстанды құрамасы бұл тізімде 25-ші орында тұр. Біздің құрамадағы ең жоғары нәтиже 7-ші орын болып отыр. Бұл  көрсеткіш +78 келіде күрескен Кәмила Берліқашқа тиесілі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам