Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Маржықпаевтан кейін тағы бірнеше спорт шенеунігінің отставкасы күтілуде

31.08.2024, 23:09

Сонымен қатар, федерациялар басшылары да алмасуы мүмкін

Маржықпаевтан кейін тағы бірнеше спорт шенеунігінің отставкасы күтілуде
Туризм және спорт министрлігі

Бүгін туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қызметінен кетті. Спорт саласындағы отставка мұнымен тоқтамайды-мыс. «Чемодан госсекретов» Telegram-каналының жазуынша, енді кезек облыстардағы спорт басқармаларының басшыларында.

Еліміздің бірнеше облысы мен республикалық маңызы бар қалалардың спорт басқармаларының басшылары қызметінен кетеді. Мұның себебі, жоғарыдан басқару жүйесін реттеу қажетттілігі туындап отыр. Мұны 27 тамызда Ақордада өткен жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

Енді басқарма басшыларын тағайындау кезінде әкімдіктер министрлікпен келісу қажет. Сол кезде әкімдер өздеріне тиімді спорт түрлерін ғана қаржыландырмайтын болады. 

Ал, журналист Аян Төлегеннің мәліметінше, спорт федерацияларының басшылары да қызметтен кетеді екен.

Жақында Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті Вячеслав Ким өз орнын босатқан болатын. Енді оның бастамасын өзге федерация басшылары қайталай ма, жоқ па – ол уақыт еншісіндегі сауал. Мәселен, Жеңіл атлетика федерациясын – Даниял Ахметов, Теннис федерациясын – Болат Өтемұратов, Күрес түрлері федерациясын Дәулет Тұрлыханов басқарады. Алғашқы екеуі Тоқаевтан да, Маржықпаевтан да сын естіді.

Айта кетейік, экс-министр Маржықпаев соңғы жиналысында аймақтағы спорт басқармаларының басшыларын да сынға алған болатын.

«Облыстық спорт басқармаларының басшыларына қатысты сын көп. Өйткені мемлекет тарапныан қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ ол тиімді пайдаланылып жатқан жоқ. Бұған қоса, жемқорлық факторлары жиі кездеседі. Оны да айта кету керек. Өкініштісі сол, аталмыш спорт басқармалары министрлікке бағынбайды. Яғни, оның басшыларын әкім тағайындайды және сол әкімдік айтқанымен ғана жүреді. Салдарынан бүкіл қазақ спорты зардап шегіп жатыр», - деген еді экс-министр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам