Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Британиялық мерген жүктіліктің жетінші айында Паралимпиада чемпионы атанды

03.09.2024, 11:37

Джоди Гринхэм Паралимпиаданың барлық жүлдесін еншіледі

Британиялық мерген жүктіліктің жетінші айында Паралимпиада чемпионы атанды
www.worldarchery.sport

31 жастағы ұлыбританиялық пара садақшы Джоди Гринхэм Париждегі ойындарда екі медаль жеңіп алды, оның бірі – алтын.

Бір қызығы, мерген Паралимпиадаға жүктіліктің жетінші айында қатысып отыр. Ол өзінің жағдайына қарамастан, карьерасын да, жеке өмірін де қатар алып жүру туралы шешім қабылдап, бұл жоспары жүзеге асты.

Алдымен Гринхэм жекелей сында бір ұпаймен отандасы Фиби Патерсон Пайнның алдын орап кетіп (142:141), қола жүлдегер атанды.

Сонан соң ол 33 жастағы Натан Маккуинмен бірге аралас сында бақ сынады. Рейтингілік кезеңде британиялық жұп 1399 ұпаймен әлемдік рекорд орнатқан үндістандық Ракеш Кумар мен Шитал Девиден кейінгі екінші сатыға жайғасты.

Алайда үндістандық спортшылар жартылай финалда Иран құрамасына жол беріп, ал өз кезегінде ағылшындар қорытынды кезеңде 155:151 ұпаймен жеңіске жетті. Кумар мен Деви жұбы қола жүлдегер атанды.

Британиялық садақшы жеңістен соң қуанып секірмек болған, алайда құрсағында жеті айлық сәбиі бар болашақ ана артық қозғалыстың қиын екенін алға тартты.

Осылайша, Джоди Паралимпиаданың барлық жүлдесін еншіледі: сегіз жыл бұрын Риода өткен ойындарда ол аралас командалық жұпта күміс медаль алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам