Дзюдошы қыз бірнеше халықаралық турнирде жүлдегер атанған
Дзюдодан ұлттық құрамада ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен Ділбар Өмірәлиева тұрмысқа шықты.
70 келіде күрескен спортшы құрамамен бірге бірнеше әлем, Азия чемпионаттары мен Гранд Слэм, Гран При турнирлерінде өнер көрсетті. Сонымен қатар, бірнеше халықаралық турнирде жүлдегер атанған.
Үлкен спортпен қош айтысқан татами шебері кейінгі жылдары дзюдодан әйелдер құрамасының жетекшісі болғап тағайындалған болатын.
33 жаста өзінің жұбын тапқан теміртаулық дзюдошының ұзату тойы Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Спортшының қуанышын бөлісуге дзюдо ұлттық құрамасының балуандарымен қатар көптеген спортшылар құрметті қонақ болған. Олардың қатарында әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова, дзюдодан қазақ қыздары арасында тұңғыш Азия чемпионы Гүлжан Исанова сынды спортшылар бар.
Ал Ділбар Өмірәлиеваның жары туралы әзірге дерек белгісіз. Спортшы бұған дейін өзіне қолдау көрсететін қымбат жан туралы әлеуметтік желіде бірнеше сурет жариялаған болатын.