Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Ризабек Айтмұқан тағы да әлем чемпионатында белдеседі

12.09.2024, 11:20

Ол жақында ғана Испанияда әлем чемпионы атанған 

Ризабек Айтмұқан тағы да әлем чемпионатында белдеседі
kazsports.kz

Испанияда 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Ризабек Айтмұхан алда тағы бір маңызды турнирде күреседі.

Ересектер арасында ел тарихында тұңғыш әлем чемпионы атағына ие болған отандасымыз қазан айының соңында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы дүниежүзілік біріншілікте белдескелі отыр. Аталған турнир 21-27 қазан аралығында Тиранада өтпек. Бұл туралы балуанның жеке бапкері Қанат Жолдасбеков хабарлады.

“Испаниядағы әлем біріншілігінен чемпион боп оралдық. Бүгінде Ризабек олимпиадалық салмаққа толық үйренді. Алғашында 97 келіге бейімделуге бір жыл уақыт кетеді деп ойлағанбыз. Бірақ жарты жыл ішінде осы салмаққа әбден ысылды. Осы аралықта бұл салмақтағы ТОП-8 қатарына енетін балуандардың бәрімен кездестік. Албаниядағы әлем чемпионатына осы салмақтағы үздік балуандар жиналады. АҚШ, Иран секілді мемлекеттер екінші нөмірлі спортшыларын жібереді. Сондықтан, 20 қыркүйектен бастап қайтадан жаттығу жиынына кірісеміз", - деді Қанат Жолдасбеков Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Ризабек Таразда өтетін Д.Қонаевты еске алуға арналған турнирге қатысуы да мүмкін. Бұдан бөлек, 2025 жылдың басында И.Ярыгин Гран-Приіне қатысуды да көздеп отыр. Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы еркін күрестен 92 келіде ересектер арасында әлем чемпионы атанған. Ал 2-8 қыркүйекте Испанияда 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионтында 97 келіде үздік шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам