Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Черчесовке жақтасқан Нұралы Әліпке 26 миллион теңге сыйақы берілді

15.09.2024, 15:17

Нұралы Әліп төбелесіп, сары қағазға ие болды

Черчесовке жақтасқан Нұралы Әліпке 26 миллион теңге сыйақы берілді
Sports.24kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Зенит» командасында ойнайтын 24 жастағы қорғаушы Нұралы Әліп 26 миллион теңге сыйақыға ие болды.

Ол ойнайтын Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы кеше Ресей премьер-лигасының орталық матчында Мәскеудің ЦСКА клубын жеңген. Бұл 8-турдың ойыны болатын.

«Мутко Против» Telegram-арнасының жзауынша, «Зенит» клубы әдетте жеңіске 25 мың евро көлемінде сыйақы береді екен. Осы жолы футболшыларын ынталандырып, сыйақыны екі есе көбейткен. Яғни 5 миллион евро беріледі. Бұл біздің ақшамен 26 миллион теңге.

Нұралы Әліп алаңға екінші таймда шықты. Ол әріптесі Вилмар Барриосты алмастырды. Тіпті, төбелеске де қатысып, сары қағазға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін футболшы баспасөз конференциясында ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған Нұрсұлтан Құрманның бұл әрекетін «хайп» деп бағалаған болатын. Осыдан соң Құрман да үнсіз қалмай, футболшыға есін жиюға кеңес берген.

Ал Норвегиямен матчтан кейін отандасымыз «Қазақ үшін жан беруге дайынмын» деп мәлімдеме жасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам