ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

44 жастағы АҚШ балуаны әлем чемпионатына қатысады

16.09.2024, 11:24

Александр Кикинов Белорусь Республикасында дүниеге келген

44 жастағы АҚШ балуаны әлем чемпионатына қатысады
by.tribuna.com

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын АҚШ құрамасының балуандарын іріктеу барысында ең қарт спортшы жеңіске жетті.

44 жастағы Александр Кикинов грек-рим күресінен 82 кг салмақ дәрежесінде АҚШ құрамасы атынан ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Айта кететін жайт, Александр Кикинов Белорусь Республикасында дүниеге келген. Ол АҚШ азаматтығын алып, сол елдің атынан күресіп келеді. Спортшы соңғы рет 2009 жылы Данияның Хернинг қаласында өткен әлем чемпионатында Белорусь құрамасы сапында күресіп, 74 келіде қола жүлдегер атанған.

Бұған дейін күрес түрлері бойынша Олимпиада ойындарында кубалық Михайн Лопес 42 жасында 6-шы Олимпиадасына қатысқан болатын. Париждегі ойындарда ең "қарт" балуан ретінде белдескен Бостандық аралының өкілі 5-ші мәрте Олимпиада чемпионы атанған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам