Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Бақтияр Артаевты қызметтен қуған шенеуніктің өзі түрмеге жабылды

16.09.2024, 20:41

Ерғалиев тәжірибесі жоқ Әлішер Аймұхамбетовті сурдлимпиадалық спорт түрлерінің бапкері еткен

Бақтияр Артаевты қызметтен қуған шенеуніктің өзі түрмеге жабылды
Үкімет

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевке қатысты сот шешімін шығарды.

«Сот Самат Ерғалиевті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеу ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жүктеледі», - деді судья дүйсенбі күні үкімді жариялау кезінде.

Айта кетейік, тергеушілердің айтуынша, Ерғалиев тәжірибесі жоқ Әлішер Аймұхамбетовті сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушы етіп заңсыз жұмысқа алған. Кейінірек ол 2019 жылғы Сурдлимпиада ойындарында ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамына «өз адамын тартты» деген болжам бар.

Сонымен қатар қысқы сурдолимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін жаттықтырушыларға төленген ақшаны иемденді деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бапкерлерді жарысқа жіберіп, сыйақының пайызын алуға келіскен.

Еске салсақ, биыл жыл басында Самат Ерғалиев ұсталып, қамауға алынған еді.

Бұған дейін Олимпиада  чемпионы Бақтияр Артаев өз сұхбатында Самат Ерғалиев «Дикий Арманды» қолдап пост жазғаны түнгі 2-де хабарласып, жұмыстан шығартқанын айтқан еді.

«Ашығын айтайық, түнгі сағат 2-де қорқор шегіп отырып, сол кездегі Спорт комитетінің басшысы хабарласты. «Дикий Арманмен» араласады екенсің, жұмысты босатуың керек» деді. Алла – шебер. Өзі мәңгі сол жерде отыратындай ойлады. Енді қазір өзі қайда отырғанын білесіздер», - дейді Артаев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам