Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Қырғызстан Қазақстанға 10 балуанын жіберді

17.09.2024, 02:13

Жарыс 17 қыркүйекте басталып, 20 қыркүйекке дейін жалғасады

Қырғызстан Қазақстанға 10 балуанын жіберді
akipress.com

«Біріккен күрес әлемі» (UWW) күнтізбелік жоспарына енген Атыраудағы Oil Capital Cup турниріне қатысатын Қырғызстан мен Әзербайжанның құрамы белгілі болды.

Мысалы, Қырғызстан грек-рим күресінен 10 балуанын жіберді: 

  • 60 келі –  Ақыл Сулайманов пен Нұрмұхаммед Абдуллаев
  • 67 келі – Раззак Бейшекеев және Аманат Саматұлы
  • 72 келі – Әділхан Нұрланбеков пен Имур Темирбеков
  • 77 келі – Ырыскелді Мақсатбекұлы
  • 82 келі – Бекзат Орынқұлұлы 
  • 97 келі – Нурманбет Райымалыұлы
  • 130 келі – Ерлан Манатбеков

Аға бапкерлер – Арсен Эралиев пен Ұлықбек Карачолоков.

Ал Әзірбайжан күрес федерациясы еркін күрестен Мұса Агаев (65 келі), Канан Хейбатов (70 келі) және Ашраф Аширов (79 келі) қатысатынын растады.

Айта кетейік, Oil Capital Cup турнирі 17 қыркүйекте басталып, 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам