Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынады: Министрлік мәлімдеме жасады

17.09.2024, 14:38

Букмекерлік кеңсе жарнамасына қатысты қандай шектеулер енгізілгені белгілі болды

Құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынады: Министрлік мәлімдеме жасады
Pixabay

2024 жылғы 9 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  күшіне енді.

Заңның кейбір новеллалары бизнес субъектілеріне құқық қолдану практикасы тұрғысынан сұрақтар туғызады. Сондықтан Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесі және лотерея қызметі салаларын реттеуші ретінде «Құқықтық актілер туралы» Заңның 60-бабы 4-тармағын басшылыққа ала отырып, өз құзыреті шегінде нақты субъектілерге қатысты және (немесе) нақты жағдайға қатысты Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша мыналарды түсіндіреді.

«Жарнама туралы» Заңның 13-бабына букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеулер енгізуді көздейтін толықтырулар енгізілді, атап айтқанда:

Киімге, аксессуарларға, жабдыққа, құрал-жабдыққа, оның ішінде спортшыларға арналған букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың тауар белгісі мен логотипін салуға рұқсат етілген.

Букмекерлердің акциялары мен өнімдері туралы ақпарат кез келген нысанда үгіттеуге немесе таратуға жол берілмейді. Мысалы, букмекерлік кеңсе өзінің тауарлық белгісін ілгерілету мақсатында бұқаралық іс-шараларды өткізе алады. Алайда, іс-шараның жарнамалық компоненті баннермен (егер үй ішінде болса), логотипі бар өнімдерді, логотипі бар футболкалары бар модельдерді және т. б. таратумен шектелуі тиіс.

Ашық кеңістікте конструкцияларда, ғимараттар мен құрылыстарда және сыртқы жарнаманың өзге де объектілерінде букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынады. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың тауар белгісі мен логотиптері өзге бизнес субъектілерінің сыртқы жарнамасының элементтері (бөлігі) бола алмайды.

Ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың ішінде баннерлер, қалқандар, экрандар және өзге де жарнамалық конструкцияларды орнатуға рұқсат етіледі.

  1. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау үшін көлік құралдарын пайдалануға толық тыйым салынады.
  2. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды бұқаралық ақпарат құралдарында спорт тақырыбына арналған (мазмұны немесе эфирінің 100 %) және белгіленген тәртіппен масс-медиа саласындағы уәкілетті органда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары ғана жарнамалауға құқылы. Спорттық айдарлардың, теле-радио хабарларының немесе бөлімдердің болуы бұқаралық ақпарат құралдарына букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға құқық бермейді.

Спортты танымал ету мақсатында халықаралық спорттық жарыстардың тікелей көрсетілімі кезінде спорттық емес тақырыптық бағыттағы телеарналар («Хабар», «Qazaqstan» және т.б.) үшін жеңілдік жасалды. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.

Спорттық емес тақырыптық бағыттағы телеарналар халықаралық спорттық жарыстың тікелей көрсетілімі басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін бәс тігуді жарнамалауға құқылы емес.

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың тауар белгісі мен логотиптері өзге бизнес субъектілерінің телевизиялық жарнамасының элементтері (бөлігі) бола алмайды.

Сонымен қатар интернетте, оның ішінде онлайн-платформаларда букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға қатысты түсіндірмені алу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгіну ұсынылады.

  1. «Жарнама туралы» және «Масс-медиа туралы» Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, турнирлердің, жарыстардың, құрылыстардың, мәдени, әлеуметтік және өзге де жобалардың ресми атауына тауар белгісін енгізу арқылы букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға рұқсат етіледі.
  2. Ұялы байланыс операторлары құмар ойындар мен бәс тігулердің жарнамаларын, оның ішінде акциялар, бонустар, фрибеттер, коэффициенттер туралы ақпаратты таратуды тоқтатуға міндетті.

SMS-хабарлама жіберуге тыйым салынады

Тыйым букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың тіркелген клиенттеріне жарнамасы бар мәтіндік хабарламаларды да қамтиды.

«Жарнама туралы» Заңға сәйкес жарнаманың белгілері адамдардың беймәлім тобына арналған және сатылымның өсуін ынталандыру үшін тауарлық белгілерге/қызметтерге қызығушылықты қалыптастыру/қолдау болып табылады.

Осы тұрғыдан букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың клиенттері «адамдардың беймәлім тобы» ұғымына жатады деп санаймыз.
«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының кейбір санаттарын қоспағанда, кез келген жеке тұлға букмекерлік кеңсенің клиенті бола алады. Сондықтан, букмекерлік кеңсенің клиенттерін қандай да бір критерийлер бойынша (жасы, азаматтығы, әлеуметтік мәртебесі, табысы, кәсібі, жынысы, діні және т.б.) алдын ала анықтау мүмкін емес.

Өз кезегінде, букмекерлік кеңсе өз клиенттерінің ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына мәтіндік хабарламалар жіберу арқылы тарататын ақпарат букмекерлік кеңсенің қызметтеріне қызығушылықты қолдауға және беттингтік өнімдерді сатуды ынталандыруға бағытталған.

Осылайша, тіркелген клиенттерге букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметтері туралы ақпараты бар мәтіндік хабарламаларды жіберу жарнама ұғымына жатады және «Байланыс туралы» Заңның 40-бабына сәйкес заңсыз болып табылады.

Сонымен қатар букмекерлік кеңселердің клиенттерін тіркеу және есептік жазбаға/шотқа бару немесе қаражат алу кезінде сәйкестендіру мақсатында мәтіндік хабарламаларды пайдалануға рұқсат етіледі.

Кімге қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес келмейтін, букмекерлік кеңселер немесе тотализаторлар жарнамасын тарату және (немесе) орналастыру жеке тұлғаларға – 60, лауазымды адамдарға – 80, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 120, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 170, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Осы тыйымды әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет жеке тұлғаларға – 170, лауазымды адамдарға – 200, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 250, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 350, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 650 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам