ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Тоқаев Ақордада айтқанымен Тунистегі қазақ бапкерін ешкім Қазақстанға шақырмаған

18.09.2024, 00:08

Президент оның еңбегіне жоғары баға берген еді

Тоқаев Ақордада айтқанымен Тунистегі қазақ бапкерін ешкім Қазақстанға шақырмаған
t.me/sportilinet

Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесіп, спортшылар мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтаған іс-шарада Тунисте табысты еңбек еткен қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың есімін де ерекше атап өткен болатын. Алайда таеквондо маманына Қазақстан сол күйі ұсыныс жасамапты.

Қазір Есбол бір айлық демалыс алып, отбасына келген. Nur.kz сайтына берген сұхбатында бапкер өзге елдерден түсіп жатқан ұсыныстарды қарастырып жатқанын айтқан.

«Мемлекет басшысы менің сырт елдегі еңбегімді ерекше атап өтті. Шыны керек президентіміздің өзі осылай айтқан соң, елде ұсыныстар болса, ойланбақшы болдым. Себебі өз отанымның патриоты әрі азаматы ретінде спортты дамытуға үлес қосуды парызым деп санаймын. Ойыма жаңа идеялар келе бастады, құлшыныс пайда болды. Бірақ елге келген бойда ақпараттық буллинг басталып кетті. Маған еш ұсыныс түспесе де, қандай да бір қызметке кіріспесем де, түрлі қауесеттер тарай бастады. Осыдан соң екіойлы болып қалғаным рас. Қазір екі елден бас бапкерлік қызметке ұсыныс түсті. Оның бірі – Тунис. Әзірге сол ұсыныстарды қарастырып жатырмын. Ал Қазақстан таеквондо федерациясынан ешқандай ұсыныс болған жоқ. Осы орайда ел командасында қалуды сұраса, келісімге келе алсақ, отандық спортшыларды биік шыңдарға жетелеуге дайын екенімді айтқым келеді», - деді Есбол Сұлтанов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам