Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандағы спорт журналистері мен комментаторлардың қауымдастығы құрылды

18.09.2024, 01:17

Ұйым спорт журналистерінің құқығын қорғаумен айналысады

Қазақстандағы спорт журналистері мен комментаторлардың қауымдастығы құрылды
mgpu.ru

Қазақстандағы спорт журналистері және спорт комментаторлары бір қауымдастыққа бірікті. Жаңа ұйым Спорттық масс-медиа, блогерлер және комментаторлар қауымдастығы деп аталады. Бұл туралы ҚФФ БАҚ комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды.

Қауымдастықты белгілі комментатор, «Бірінші бол» YouTube-жобасының резиденті Олжас Байбосын басқарады. Бүгінгі жиында оның орынбасарлары тағайындалып, ұйымға жаңа мүшелер қабылданды.

Қазақстандағы спорт журналистері мен комментаторлардың қауымдастығы

Қауымдастық спорт журналистері мен комментаторлардың заңды құқығын қорғаумен айналысады.

«Біздің негізгі мақсатымыз – спорт журналистерінің құқығын қорғап қана қоймай, олардың талап-тілегі болса алдымен өз ішімізде талқыға салып, сосын ортақ ұсынысты құзырлы органдарға жеткізу. Жалғыздың үні шықпас дейді ғой, бұған дейін әріптестеріміз жалақы, қаламақы, еңбек құқықтарына қатысты көптеп шағым айтып, оны шеше алмай келген еді. Осы жайттардан кейін күшімізді біріктіріп, бір заңды ұйым құру туралы шешім қабылдадық», - дейді Олжас Байбосынов.

Бүгінде ұйымға жиырмадан астам журналист пен комментатор мүше болып тіркелді. Олардың қатары әлі де артады дейді қауымдастық басшысы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам