Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

«Мені құрметтемейді». Әлімханұлының қарсыласы ештеңеден тайынбайтынын мәлімдеді

19.09.2024, 10:45

Әлімханұлы – Михайлович жекпе-жегі қай күні өтетіні белгілі болды

«Мені құрметтемейді». Әлімханұлының қарсыласы ештеңеден тайынбайтынын мәлімдеді
Top Rank

IBF орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер жаңазеландиялық Андрей Михайлович қазақстандық қарсыласы Жәнібек Әлімханұлымен алдағы жекпе-жекке дайын екендігін мәлімдеді.

«Мен осы сәтпен өмір сүремін, бірақ өткенді де ұмытқан жоқпын. Оны чемпион ретінде құрметтеймін, бірақ оның мені құрметтемейтінін білемін. Сондықтан мен оған тиісті барлық дүниесін тартып алатын сәтті тағатсыздана күтемін. Мен өз атымның тарихта Джозеф Паркер және Маселино Масоэ секілді әлем чемпиондарының есімімен қатар жазылғанын қалаймын.  Бұл менің тағдырым, бұл менің барым. Андрей Михайлович есімі әлемге танылуы үшін мен ештеңеден тайынбаймын», — деді Андрей Михайлович.

Айта кетейік, Кәсәпқой бокстан орта салмақтағы WBO/IBF бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасындағы жекпе-жек 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында өтетін болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам