Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Галбадрах пен Абибаны ұтқан Ақмарал Науатбек өзін басқалармен салыстыратындарға жауап берді

20.09.2024, 14:26

Ақмарал Науатбек айтулы нәтижеге қол жеткізу үшін бәсекелестік қажет екеніне тоқталды

Галбадрах пен Абибаны ұтқан Ақмарал Науатбек өзін басқалармен салыстыратындарға жауап берді
Видеодан кадр

Париждегі Паралимпиада чемпион атанған Ақмарал Науатбек «Жанкүйер» арнасына сұхбат беріп, өзінің спорттағы жолы туралы айтты. 

Пара дзюдодан жеңіл салмақта топ жарған белгілі спортшы кезінде дзюдо құрамасында үздік спортшылар саналатын Отгонцэцег Галбадрах пен Абиба Әбужақынованы жеңген кезін еске түсірді. 

«Бұл белдесулер менің есімде. Бірақ қазір  салыстыру туралы көп әңгіме қозғалып жатыр. Алайда қазіргі уақытта бұл салыстырулар орынсыз деп ойлаймын. Себебі мен бүгінде пара дзюдода жүрмін. Ал Абиба дзюдода өнер көрсетеді. Абибаның дзюдоға қосқан үлесі зор. Иә, мен пара дзюдодан чемпион болдым, алтын медаль жеңдім, бірақ Абибаның да еңбегі зор. Бұрынғы іс болды, кетті», - деді спортшы. 

Ақмарал Науатбек айтулы нәтижеге қол жеткізу үшін бәсекелестік қажет екеніне тоқталды. 

«Спортта үлкен бәсекелестік – үлкен жетістіктерге алып келеді. Сол арқылы әрдайым шыңдаласың. Мен үнемі ер балалармен жаттығу жасап, белдесемін. Татамиде ер балалармен күресемін. Тіпті менің спарринг әріптесім ер бала, оның салмағы 60 келіні құрады. Осы бағытта жаттығу жасағандықтан, маған жарыста жеңіл болды», - деді Ақмарал Науатбек.

Тамыз айында Парижде өткен Паралимпиада ойындарында пара дзюдодан 48 келі салмақта J2 татамиге шыққан Ақмарал Науатбек финалда француз балуаны Сандрин Мартинетті айқын басымдықпен жеңген болатын. Ол еліміздің тарихында пара дзюдодан жеңімпаз болған алғашқы спортшы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам