Ұлттық құрама сапында Евгений Федоров пен Игорь Чжан сынға түскен еді
Велоспорттан Швейцарияда тас жолдағы велоспорттан әлем біріншілігінде Қазақстан спортшылары үздік нәтижеге қол жеткізе алмады.
Цюрих қаласында басталған жаһан біріншілігінің ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды.
Аталған бағдарламада ұлттық құрама сапында Евгений Федоров пен Игорь Чжан сынға түскен еді.
Алайда Федоров жарысты 30, Чжан 43-орынмен аяқтап, жүлдеден тыс қалды.
Ерлер арасындағы сында Бельгия велошабандозы Ремко Эвенепул топ жарып, өзінің чемпиондық атағын кезекті рет қорғады. Ал күміс жүлдені Филиппо Ганна мен Эдоардо Аффини қорытындылады. Бұл екі спортшы да Италия құрамасының мүшелері.