Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Париж Олимпиадасында жүлде алған қырғыздың танымал балуаны шаңырақ көтерді

23.09.2024, 16:12

Әлемнің мықты балуаны өзінің сыныптасымен бас қосқан

Париж Олимпиадасында жүлде алған қырғыздың танымал балуаны шаңырақ көтерді
Видеодан кадр

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанған қырғызстандық Жоламан Шәршенбеков отау көтерді.

60 келіде белдесетін әлемнің мықты балуаны өзінің сыныптасына үйленіп жатыр. Айхан есімді арумен бас қосқан балуан Талас қаласында қалыңдығын ұзатып әкеткені белгілі болды.

Бұған дейін спортшының үйленетіні туралы ақпарат тараған еді. Ол Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында қазақстандық Айдос Сұлтанғалиды ұтты. Алайда жартылай финалға шығар сында жапон балуанына есе жіберді.

Шәршенбеков 2018-2023 жылдары әлем чемпионатының финалына 4 рет шығып, екі мәрте чемпион атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам