Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Netflix ММА жұлдызы туралы фильм түсірмек

23.09.2024, 17:28

Netflix-тің MMA шеберлері туралы фильм түсіруде тәжірибесі бар

Netflix ММА жұлдызы туралы фильм түсірмек
fight.ru

Абубакар Нурмагомедов Netflix сервисінің жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев жайлы фильм түсіретінін алға тартты.

Netflix-тің MMA шеберлері туралы фильм түсіруде тәжірибесі бар. Естеріңізде болса, компания былтыр Конор Макгрегорге арналған шағын сериалды көпшілік назарына ұсынған. IMDb бұл жобаға 10-нан 7 балл берген. Ал Махачев жайлы фильмнің форматы әзірге белгісіз.

Ислам Махачев әлемнің үздік лигасында тоғызыншы жыл қатарынан өнер көрсетіп жүр. Өз карьерасында ресейлік спортшы 27 кездесуінің біреуінде ғана жеңілген. 17 айқасын нокаутпен аяқтаған. Қазір ол салмақ дәрежесіне қарамай-ақ рейтинг көшбасшысы саналады. Өз дивизионында ол барлық мықтылардан басым түскен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам